САРАПАТАМАЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚАБЫЛДАЙТЫН ҚҰЖАТТАР:
Материалдар сараптамалық кеңес отырысына кемінде 2 ай бұрын облыстық оқу-әдістемелік кеңестердің ұсыныстарына сүйене отырып, білім басқармаларының бірінші басшылары арқылы РОӘК-ке қағаз немесе электрондық түрде 1-қосымшаға сәйкес жіберіледі. Барлық беттер нөмірленуі тиіс. Ұсынылған материалдар рәсімдеу талаптарына сай болмаса, тіркелмейді және кері қайтарылады
РОӘК-ке жіберуге қажетті материалдар тізімі (педагог-шеберлер үшін):
Педагогтің өтініші (4-қосымша)
Жарияланған тақырып бойынша жарияланымдардың тізімі мен көшірмелері (кемінде екеу)
Жарияланған тақырып бойынша кемінде екі ғылыми-әдістемелік жарияланым ұсынылуы тиіс. Тізімде мақалалардың толық библиографиялық сипаттамасы (авторы, атауы, басылым атауы, жылы, нөмірі, беттері) көрсетіледі. Әр жарияланым зерттеу тақырыбымен мазмұндық тұрғыда тікелей байланысты болуы қажет және жұмыстың практикалық маңыздылығын айқындауы тиіс. Құжатқа мақалалардың толық мәтін көшірмелері немесе басылымнан скан-нұсқалары қоса тіркеледі. Электрондық басылым болған жағдайда сілтемесі мен растайтын материалдары ұсынылады.
Өзге дереккөздерден алынған материалды бастапқы авторына және алынған дереккөзіне сілтеме жасамай пайдаланғаны туралы анықтама (60-70%)
Өзге дереккөздерден алынған материалды бастапқы авторына және алынған дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану академиялық адалдық қағидаларын бұзу болып табылады. Плагиат деп басқа автордың мәтінін, идеясын, кестесін, суретін немесе ғылыми тұжырымын дереккөзін көрсетпей қолдануды айтамыз. Егер жұмыстың 60–70 пайызы өзге еңбектерден алынып, тиісті сілтемелер берілмесе, мұндай жұмыс авторлық еңбек ретінде танылмайды. Бұл жағдай педагогтің кәсіби жауапкершілігіне нұқсан келтіріп, білім беру ұйымының беделіне кері әсер етеді. Басқа автордың ойын сөзбе-сөз келтіргенде де, өз сөзімен баяндағанда да міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Сондай-ақ кесте, диаграмма, статистикалық мәлімет немесе әдістемелік үлгі пайдаланылған жағдайда да дереккөз нақты көрсетілуі қажет. Сондықтан педагогтердің ғылыми-әдістемелік жұмыстары талапқа сай болуы үшін пайдаланылған барлық ақпарат көздеріне толық әрі нақты сілтеме берілуі міндетті.
Рецензиялар (1 рецензия - бейіні бойынша ғалымнан, 1 рецензия-басқа білім беру ұйымының педагог-шеберінен) (2-қосымша)



Облыстық сараптамалық кеңес отырысының төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттама үзіндісі
Облыстық сараптамалық кеңес отырысының төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттама үзіндісі – аталған отырыстың ресми түрде өткізілгенін және қаралған мәселелер бойынша нақты шешім қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Бұл құжатта күн тәртібіндегі мәселелер, талқылау барысы және қабылданған шешімдер қысқаша әрі нақты түрде көрсетіледі. Хаттама үзіндісі сараптамалық кеңестің қарары заңды күшке ие екенін және тиісті тәртіппен бекітілгенін айқындайды. Құжат төраға мен хатшының қол қоюы арқылы рәсімделіп, оның дұрыстығы мен шынайылығы расталады. Аталған үзінді білім беру ұйымдарына, педагогтерге немесе басқа да мүдделі тараптарға ресми негіздеме құжаты ретінде ұсынылады.
Ұсынылатын авторлық материалдың білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіне ықпалын айқындай отырып, кемінде екі білім беру ұйымында (ішкі акт, сыртқы акт) жүргізілген апробациялау нәтижелері актілерімен расталады. Апробациялау актілерінің мерзімі материалдың оң әсерін толық байқауға мүмкіндік беретін соңғы жартыжылдықты немесе тұтас оқу жылын қамтиды (5-қосымша)


Кадр қызметінің жұмыс орны бойынша расталған жеке парағы
Кадр қызметінің жұмыс орны бойынша расталған жеке парағы – қызметкер туралы негізгі деректерді қамтитын ресми құжат болып табылады. Аталған құжатта қызметкердің тегі, аты-жөні, туған жылы, білімі, мамандығы, еңбек өтілі және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Жеке парақ жұмыс берушінің кадр қызметі тарапынан тексеріліп, қол қойылып, тиісті мөрмен расталады. Құжаттағы мәліметтердің дұрыстығы қызметкердің ұсынған құжаттары негізінде нақтыланады. Бұл құжат қызметкердің жеке іс қағаздары құрамында сақталып, еңбек қатынастарына байланысты рәсімдерде негізге алынады.
Авторлық материалдың толық нұсқасы (авторлар саны 3 адамнан аспауы керек):
Дидактикалық материалдар (тапсырмалар жинағы, сабақтарды әзірлеу (сабақтар, іс-шаралар) жұмыс дәптерлері, тренажерлер) немесе оқу- әдістемелік құралдар немесе әдістемелік ұсынымдар (6-қосымша)













Оқу құрал (7,8-қосымша. 2.1-тармақша). Әдістемелік құрал (7,8-қосымша, 2.2-тармақша ). Әдістемелік ұсынымдар (7,8-қосымша. 2.3-тармақша)












Авторлық бағдарламалар (9 немесе 9.1.-қосымшалар)















Техникалық талаптар
Авторлық материалдар (дидактикалық материалдар, оқу және әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар, авторлық бағлардамалар) рәсімдеуге қойылатын бірыңғай талаптарға сай жазылады (10-қосымша)
Пайдаланған әдебиеттерді (дереккөздер) рәсімдеу талаптары
Авторлық материалдарда (дидактикалық материалдар, оқу және әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар, авторлық бағлардамалар) пайдаланған әдебиеттер (дереккөздер) қойылатын бірыңғай талаптарға сай рәсімделеді (12-қосымша).

