Авторлық бағдарлама – бұл педагогтің ұзақ мерзімді интелектуалдық қызметінің нәтижесі. Педагогтің авторлық бағдарламасы белгілі бір педагогикалық проблемаларды шешуге бағытталады. Мысалы, Пән мұғалімі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сыныптағы білім сапасын көтеру мақсатында қосымша факультатив немесе элективті курстың бағдарламасын әзірлейді.

Педагогтердің авторлық бағдарламасына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аудандық/облыстық маңызы бар қалалар, облыс және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) жанынан Сараптамалық кеңес (СК) құрылады. Авторлық бағдарламаларға сараптама жүргізу барлық деңгейде тегін жүргізіледі.

Бірінші кезеңде педагог белгілі бір педагогикалық мәселені шешу үшін жеке авторлық бағдарламасын әзірлейді немесе жаңартады. Авторлық бағдарламаны білім беру ұйымы деңгейінде әдістемелік кеңес отырыстарында тәжірибелі педагогтар мен әдіскерлермен бірге талқылайды және қарастырады. Әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарлама аудандық немесе қалалық деңгейдегі әдістемелік кабинет жанындағы СК ұсынылады. СК мақұлданған авторлық бағдарлама аудандық/ қалалық деңгейде тарату немесе қайта өңдеу бойынша шешім шығарады.

Екінші кезеңде апробация нәтижесін жетілдіру негізінде авторлық бағдарламаны облыстық/республикалық маңызы бар әдістемелік кабинет (орталық) жанындағы СК ұсынылады. Сараптамалық кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламалар облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тарату немесе қайта өңдеу бойынша шешім шығарады. Облыстық әдістемелік орталықтар (кабинеттер) оң қорытынды алған жұмыстарды әрі қарай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңеске (Сараптамалық кеңес) ұсынады.

Үшінші кезеңде педагогтің авторлық бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК СК қарастырылады. СК педагогтің авторлық бағдарламасы бойынша мақұлданды немесе мақұлданбайды деген қорытынды шығарады. СК мақұлданған авторлық бағдарламалар республикалық деңгейде таратылады.

 

Авторлық бағдарламалар бойынша пайдалы сілтемелер:

▪ РОӘК жанындағы Сараптамалық кеңестің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/ru/metodology/6

▪ РОӘК мақұлданған авторлық бағдарламалардың базасы Академияның ресми сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/innovations

▪ Педагогтерге арналған Авторлық бағдарламаны әзірлеу бойынша бейнеролик Bilim 4.0 Youtube каналында қолжетімді: https://youtu.be/n4hpjwXP2OU

▪ «Педагогті әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында әзірленген әдістемелік құралдың екінші бөлімінде педагогтерге авторлық бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынамдар берілген: https://uba.edu.kz/qaz